Үкімет бизнестің сындарлы ұсыныстарын қолдауға дайын
347
Премьер-Министр Әлихан Смайылов Отандық кәсіпкерлер кеңесінің бесінші отырысын өткізіп, онда тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда тау-кен металлургия кешенінің ЖІӨ-дегі үлесі – 8,5%. 2022 жылы салада жалпы құны 232 млрд теңге болатын 19 жаңа инвестициялық жоба іске асырылып, 3,5 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Жалпы, 11 айда өнім шығару көлемі 11,4 трлн теңгеге жетті (өсім 17%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар 1 трлн теңгеден асты (өсім 14,8%).
Қазақстан пайдалы қазбалар қоры бойынша әлемде жетекші орындардың қатарында. Осыған байланысты ТМК-нің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін алдағы жылдары минералды-шикізат базасын толықтыру, жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасында бизнес-процестерді оңайлату және автоматтандыру, базалық металдарды дайын өнім түріне дейін өңдеуді тереңдету және т.б. бойынша шаралар қабылданады.
Премьер-Министр саланы дамыту жөнінде мемлекет жоспарлап отырған шаралар мен бизнестің сындарлы ұсыныстары алдағы бес жылдық кезеңге арналған салалық тұжырымдамаларда көрініс табатынын атап өтті. Бұл ретте ол нысаналы көрсеткіштер мен индикаторларды нақты іске асыру уақытын көрсете отырып белгілеу қажеттігін атап өтті.
Отырыс барысында бизнес пен сарапшылар қауымдастығының өкілдері геологиялық саланы және жер қойнауын пайдалануды одан әрі дамыту, ТМК инвестициялық тартымдылығын арттыру, салық салу, цифрландыру, көліктік қамтамасыз ету және жаңа экологиялық талаптарды енгізу мәселелерін көтерді.
Әлихан Смайылов Үкімет ТМК-нің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін өнеркәсіптік өндіруді 2022 жылғы 31 желтоқсаннан кейін бастайтын жобаларды бес жылға дейінгі мерзімге пайдалы қазбаларды өндіру салығынан босату туралы шешім қабылдағанын еске салды.

Біз экономика салаларын, оның ішінде тау-кен металлургия кешенін қолдау және дамыту үшін тағы қандай шараларды қабылдауға болатынын бизнеспен бірге қараймыз. Үкімет диалогке қашанда дайын және барлық ұсыныстарды тыңдауға әзір. Бұл ретте мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін әрі қарай сақтауға тырысамыз, - деп түйіндеді Әлихан Смайылов.