Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

198

Фото:Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріҮкіметтің қаулысымен Руслан Нұрашұлы Баймишев Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Руслан Баймишев 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
«Фемида» заң академиясын, Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тәмамдаған.
2008-2016 жылдары Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің «Қазгеоинформ» республикалық геологиялық ақпарат орталығында түрлі қызметтерді атқарды.
2016-2019 жылдары – Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаменті директорының міндетін атқарушы, директоры;
2019 жылғы желтоқсаннан қазіргі кезге дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.