Ресейлік кәсіпкер Путиннің көзін жойған адамға миллион доллар сыйақы жариялады

314

Ресейлік кәсіпкер Ресейдің Украинаға басып кіргеніне Владимир Путинді кінәлай отыра, оның басын әкелген адамға миллион доллар сыйақы жариялады, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы ресейлік кәсіпкер Александр Конаныхин өзінің Facebook парақшасында жазды.

55 жастағы кәсіпкер "өзінің конституциялық міндетін орындай отырып, Путинді Ресей және халықаралық заңдарға сәйкес әскери қылмыскер ретінде тұтқындайтын офицерге немесе офицерлерге" осындай қомақты ақша уәде етеді.


"Путин Ресей президенті емес, өйткені ол Ресейдегі тұрғын үйлерді бұзу жөніндегі арнайы операцияның нәтижесінде билікке келді, содан кейін еркін сайлаудан бас тартып, қарсыластарын өлтіру арқылы Конституцияны бұзды", – деп жазды ол.

Ол өзін этникалық орыс және Ресей азаматы деп атап, Ресейдегі нацизмді, фашизмнің қалдығын құртуға ықпал етуді моральдық міндетім деп санайтынын жеткізді.


“Мен Украинаға оның Путин ордасының қысымына қарсы ерлік әрекеттеріне көмектесуді жалғастырамын", – деп толықтырды Конаныхин.

Бастапқыда бизнесмен желіге Путиннің суретін салып, оған "Владимир Путин бұқаралық қылмыс жасағаны үшін тірі немесе өлі қалпында іздестірілуде" деген сөздер жазылған.

Алайда, Facebook бұл суретті әдепсіз деп тауып, кәсіпкер оны алып тастаған.

Айта кетейік, Конаныхин посткеңестік Ресейдің алғашқы банкирлерінің бірі.  
1996 жылы бизнесмен Ресей билігінің айыпталуымен америкалық түрмеге қамалған.

Бір жылдан кейін ол ақталып, босатылды, ал біраз уақыттан кейін Конаныхинге саяси баспана берілді.