Қазақстанда жаңа тыйым пайда болды
Енді Қазақстанда әуежайлар, вокзалдар және мемлекеттік меншіктегі басқа да нысандарға атау беру жаңа ережелер бойынша жүзеге асады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Енді Қазақстанның дамуына үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, ғалымдардың, мәдениет қайраткерлерінің және өзге де еңбегі сіңген тұлғалардың есімі олар қайтыс болғаннан кейін кемінде бес жыл өткен соң ғана беріледі.
Сонымен қатар бұл талапқа қатысты ерекшеліктер бар. Яғни, ерлік пен батылдық танытқан немесе Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуға айрықша үлес қосқан азаматтарға бес жыл уақыт күтіп қажет емес.
Мемлекеттік органдар ғана мемлекеттік нысанға жаңа атау беріп немесе оның атауын өзгерту туралы ұсыныс бере алады. Ол үшін орталық мемлекеттік органның немесе әкімдіктің өтініші, сондай-ақ жергілікті өкілді және атқарушы органдардың бірлескен шешімі қажет. Ал орталық мемлекеттік органдардың қарамағындағы нысандарға қатысты бұл талап қолданылмайды.
Құжаттарды салалық комиссия қарағаннан кейін оның қорытындысы үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдарға немесе жергілікті атқарушы органдарға жолданады.
Егер комиссия ұсынысты қолдаса, нысанның түріне қарай мемлекеттік органдар Үкімет қаулысының жобасын әзірлейді немесе бұл олардың құзыретіне кіретін болса, шешімді өздері қабылдай алады.







