Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендерде су бөлу келісімі жасалмақ
Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық өзендерде су бөлу келісімі жасалмақ, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
«Тұжырымдамада мемлекетаралық су қатынастарын дамыту үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы трансшекаралық өзендерде су бөлу туралы келісімдерге қол қою көзделген. Халықаралық су ынтымақтастығының маңызды құрамдас бөлігі - Орталық Азияның су-энергетикалық ынтымақтастығы тетігін әзірлеу», - деді министр.
Оның атап өтуінше, трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау жөніндегі келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейту, сондай-ақ арнайы департамент құру жоспарланған.