Тоқаев Азия ойындарында спорттық аяқ киіміне бола алтынынан айырылған спортшыны марапаттады

2 506

Фото: АқордаЖапонияда өткен Азия ойындарында спорттық жүрістен бірінші болып мәреге жетіп, кейін спорттық аяқ киіміне байланысты алтын медальдан айырылған Ясмина Тоқсанбаева мемлекеттік награда алды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіл атлетті "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттады, - деп хабарлайды   Opennews.kz  ақпарат агенттігі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Азия ойындары және Азия параойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты. Ол жиында сөйлеген сөзінде Қазақстан спортшылары Жапонияда өткен ХХ Жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарында тамаша нәтиже көрсетіп, еліміздің мәртебесін асырғанын айтты.

Тоқаев жиында өзге спортшылармен бірге Ясмина Тоқсанбаеваны да "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапаттады. Спортшы Азия ойындары мен Азия пара ойындарының жүлдегерлері мен қатысушыларын марапаттау тізіміне енді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.