Премьер- министр су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруды тапсырды
365
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі каналдар мен су қоймаларын салу және реконструкциялау барысы қаралды, деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев, ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова баяндама жасады.
Тек автоматтандырылған бөлу мен тасымалдау есебінен судың артық жұмсалуы жыл сайын 1,2 текше км-ге қысқарады. Осы ретте, алдағы бес жылдық кезеңде ұзындығы 2,3 мың км болатын 120 каналды реконструкциялау мен жалпы көлемі 1,7 млрд текше м болатын 9 ірі су қоймасын салу жөнінде шаралар қабылданады. Сонымен қатар, өңірлік деңгейде жайылымдық жерлердегі гидротехникалық құрылыстарды, құдықтарды жаңғырту, жөндеу және оларға қызмет көрсету жүргізіледі.
Үкімет басшысы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне бір ай мерзімде 9 су қоймасы мен 120 каналды салу мен реконструкциялаудың, сондай-ақ оларды цифрландырудың Жол картасын әзірлеуді тапсырды.

Жалпы, су қоймаларын салу және жұмыс істеп тұрғандарын жаңғырту, сондай-ақ су үнемдеу технологияларын қолдану жыл сайын 6,4 текше км көлемінде қосымша су ресурстарын жинауды қамтамасыз етеді. Бұл шаралар "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасында да бар, – деді А. Мамин.