Ондай қордың мүлде болмағаны жөн - Тоқаев «Самұрық-Қазына» туралы

346
Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалауды тапсырды деп,- хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Самұрық-Қазына қорының активі жалпы ішкі өнімінің 60 пайызына жуықтайды. Осы ұйымның тиімді қызметі бүкіл экономикаға әсер етеді. Қордың Кегок, ҰТЖ секілді инфрақұрылымдық компаниялары экономиканың барлық секторының тиімділігін айқындайды. Алайда қор негізгі міндетін орындап отыр ма? Яғни ұлттық байлықты еселей алды ма деген сұрақ туындайды. Қордың қомақты қаржы алатын қызметкерлері, директорлары немен айналысады? Шетелдік мамандарды тартқаннан пайда барма? Қорға үкіметпен бірге квазимемлекеттік секторды түбегейлі реформалауды тапсырамын. Егер қорда реформалау мүмкін болмаса, ондай қордың экономикамызда мүлде болмағаны жөн», - деді ол.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.