Сайлаудың уақытын мемлекет басшысы жариялайды - Әділет министрі
Қанат Мусин алдағы күзде өтуі тиіс кезектен тыс Президент сайлауының датасына қатысты жауап берді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Айта кетейік, бүгін депутаттар «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» ҚР заңын қабылдады.
Оған сәйкес, Президенттің мандаты қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеліп, жеті жыл мерзімге ұзартылады; Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді; Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылады.
Қаз
Рус






