Ресейге шабуыл жасаған дрон бөлшектерінің Қазақстанға қатысы бар ма?

2 679

Фото: Видеодан скринӘлеуметтік желіде Ресейдің әскери нысандарына жасалған шабуыл кезінде қолданылған ұшқышсыз ұшу аппараттарына арналған қосалқы бөлшектер Қазақстан аумағы арқылы жеткізілді деген ақпарат тарады. Еліміздің сыртқы істер министрлігі бұл болжамды жоққа шығарды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпараттық агенттігі.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің расми өкілі Айбек Смадияров желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтыныны мәлімдеді. 

“Әрине, таңертең бұл хабарламаларды көрдім, Telegram-арналар мұны өршітіп жытар. Мен түрлі болжамдар мен астарлы теорияларды түсіндірмеймін. Егер біздің органдарға қандай да бір ресми сұраулар түссе, біз барлық сұрақтарға ресми түрде жауап береміз”, – деді министрлік өкілі. 

Сондай-ақ Украина қауіпсіздік қызметі шабуыл кезінде қолданылған жарылғыш құрылғылардың Челябіде құрастырылғанын мәлімдеді.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.