Елордада Халықаралық волонтерлер форумы өтуде

1 461

Президенттің қатысуымен елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Халықаралық волонтерлер форумы басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кешеден бері өтіп жатқан Халықаралық волонтерлер форумына әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысып жатыр. Сондай-ақ 50-ге жуық шетелдік спикер келді.


Айта кетейік, кейінгі үш жылда елімізде волонтерлердің саны үш есе көбейді. Мысалы, 2019 жылы волонтерлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтерлердің саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтерлер саны 200 мыңнан асады.


Форумның негізгі мақсаты – волонтерлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.