Тоқаев осы сенбіде үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді Бүгін, 10:48
356
10 шілде күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында хабарлады.
"10 шілде күні сағат 11:00-де президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде өтеді.
Жиында еліміздің биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ, мемлекет басшысы пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді", - деп жазды Берік Уәли.
Еске сала кетейік, Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мемлекет басшысына есеп берген еді.
Қазақстан экономикасының өсімін 3,6-3,9 пайыз деңгейде жақсарту және коронавирустың жаңа штамдарының салдарынан ел экономикасын қайта қалпына келтіруге кедергі болатын негізгі қауіп-қатерлер туралы баяндалды.
Сонымен қатар Ерболат Досаев халық салымдарының тұрақты түрде долларсызданып келе жатқаны, экономиканың нақты секторын несиелеудің өсуі және қазақстандық банкаралық төлем карточкаларының жүйесін құру жоспарының жүзеге асырылуы туралы баяндады.
Мемлекет басшысына депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерді бағалау моделі ұсынылды және цифрлық қаржылық экожүйелерді теңгерімді реттеу жөніндегі тәсілдер туралы айтылды.
Кездесу қорытындысы бойынша президент бірқатар нақты тапсырма берді.