Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясы өтетін күн белгілі болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астана қаласында өтеді.
«Қазақстан Халық Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабының 2-тармағына сәйкес:
- Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында шақырылсын. Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығы бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын, - делінген хабарламада.
Қаз
Рус






