Алматыда департамент басшысы көз жұмды

463

Фото: pixabay.comАлматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ақжігіт Бекбердиев көз жұмды.
Қаралы хабарды ведомствоның баспасөз қызметі растады. Алайда Ақжігіт Бекбердиевтің неден қайтыс болғаны белгісіз.
 

Айта кетейік, Ақжігіт Бекбердиев 1965 жылы дүниеге келген. Салық органдарында еңбек жолын 1989 жылы бастаған. Әр жылдары Алматы аудандық салық органдарының және облыс департаментінің қызметіне басшылық етті.
 

2019 жылы ол Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.