Президент ҚТЖ ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовті марапаттады

2 290

Фото: АқордаПрезидент Жарлығымен Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетов марапатталды. Бұл туралы Ақорда мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының теміржол саласын және көлік инфрақұрылымын дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының ардагері Қалтай Сәмбетовке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі — Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін, Президентке Солтүстік Қазақстан облысының даму қарқыны туралы есеп берілді.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.