Мемлекет басшысы «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

2 516

Фото: Ақорда баспасөз қызметіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьевті қабылдап, компанияның жұмыс нәтижелері мен инвестициялық бағдарламаларын тыңдады,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Екі жылда болат өндірісі 22%, көмір концентраты 26%, темір кені 32%-ға өскен. Өнімнің өзіндік құны 28%-ға төмендеп, маркалардың саны 350-ге жеткен.

Андрей Лаврентьев 9 ірі инвестициялық жобадан тұратын кешенді бағдарлама мен металлургиялық кластер құру жоспарын таныстырды. Жоба болат өндірісін дамыту, импортты азайту және машина жасау саласында отандық өнімді пайдалану бағытында іске асырылады.

Президент компания жұмысына оң баға беріп, әлеуметтік, экологиялық мәселелерді шешу және өндірісті жаңғыртудың маңызын атап өтті.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.