Cерік Сәпиев жаңа қызметке ие болды

2 505

Фото: Туризм және спорт министрлігіСерік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Серік Сәпиев Қазақстанның туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорт блогының үйлестірушісі болып тағайындалған.

"Бұл шешім биыл күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.

Серік Сәпиев — бокстан Лондон Олимпиадасының чемпионы, 2010 жылы Гуанчжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарының жеңімпазы. Бұған дейін мәжіліс депутаты, Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы, өңірлік басқарма басшысы қызметтерін атқарған. Қазіргі таңда ол Ұлттық сурдолимпиадалық комитетінің президенті.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, штаб құрамына Туризм және спорт министрлігінің өкілдері, ұлттық спорт федерацияларының жетекшілері және спорт саласының ардагерлері енді. Олар дайындықтың әрбір кезеңін пысықтап, қойылған міндеттердің уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.