Тоқаев Республика күні еліміздің басты мейрамы екенін айтты

2 510

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан мемлекеттік наградалар мен сыйлықтарды тапсыру салтанатты рәсімі басталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн.


Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда "Егемен болмай, ел болмас" деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.