Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай мүшелерімен кездесті

940

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшелері Серік Ақылбай мен Сергей Худяковты қабылдады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Фото: Ақорда прессКездесуде Президент «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбаймен отандық құқық жүйесін дамытудың кейбір аспектілерін талқылады. Ұлттық құрылтай мүшесі Мемлекет басшысына еліміздегі реформалар аясында  азаматтардың құқықтық сауатын арттыру туралы ұсыныстарын жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың мүшесі,  Солтүстік Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің өкілі, «Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту институты» жекеше мекемесінің директоры Сергей Худяковты қабылдады. Жүздесуде тұрғын үй саясаты мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге қатысты бірқатар ұсыныс айтылды. Сондай-ақ Сергей Худяков қоғамдық бірлікті нығайту жөнінде көзқарасын білдірді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.