БҰҰ бас хатшысы әлем елдерін ауған босқындарын қабылдауға шақырды
271
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш барлық елді Ауғанстаннан босқындарды қабылдауға және депортациялаудан аулақ болуға шақырды деп хабарлайды Известия.
Бұл туралы мәлімдесін Антониу Гутерриш 16 тамыз күні ұйымның Қауіпсіздік кеңесінің отырысында жасады.
Ол Ауғанстандағы жағдай жүздеген мың адамды үйлерін тастап кетуге мәжбүр еткенін атап өтті.
Cондықтан үшін барлық тараптан Ауғанстанға гуманитарлық көмекке кедергісіз қол жеткізуге мүмкіндік беруді сұрады.
Ауғанстан аумағын "Талибан" өкілдері қалай жаулап алды?
Ауғанстандағы жағдай АҚШ әскерінің елден шығарылуымен күрделене түсті. "Талибан" жауынгерлері ашық шабуылға шығып, қысқа уақыт ішінде мемлекет аумағының көп бөлігін бақылауға алды.
Кейбір провинциялар мен қалалар қозғалыс күштеріне қарсылық көрсетпей-ақ берілді.
15 тамыз күні "Талибан" Ауғанстан астанасы - Кабулға кірді, бірақ шабуыл жасамады. Билікті бейбіт жолмен беру туралы келіссөздер жүргізілді.
Ауғанстан президенті Ашраф Гани Кабулға тәліптердің енуіне байланысты президенттік өкілеттігін тоқтатып, елден кетті.
Гани мұндай шешімді Кабулда "қантөгісті болдырмау" үшін қабылдағанын жазды. Айтуынша, "Талибан" өзін ел басшылығынан кетіру үшін осындай әрекетке баруға дайын болған.
Сол арада "Талибан" қозғалысы Ауғанстанда 20 жылға созылған соғыстың аяқталғанын мәлімдеді.