Владимир Зеленский: Біз барлығын қалпына келтіреміз

251

Украина президенті Владимир Зеленский өзге елдердің көмегімен елде барлығын қалпына келтіруге уәде берді, - деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Ресей әскері біздің инфрақұрылымымызды бұзуды жалғастырып жатыр. Қалаларымызға соққы жасауда: Киевщина, Чернигов облысы, Сумщина, Харьков, оңтүстік, Донбасс. Бірақ біліңіздер, біз барлығын қалпына келтіреміз. Әр үйді, әр пәтерді, әр көшені жаңартамыз. Соғыстан кейін мұны жылдам жасай аламыз. Барлық күшімізді жұмсаймыз. Украина өмір сүруі үшін қазір қор құрып жатырмыз", - деді Зеленский. 

Мәскеуде кездескен Ресей мен Катар сыртқы істер министрлері Украина мәселесін айналып өтпей, бұл туралы да сөз қозғады. Катарлық дипломат ресейлік әріптесін "сана дауысына сенуге" шақырды.