Астанада Түркі елдерінің сыртқы істер миинстрлері жабық отырыс өткізіп жатыр
Сыртқы істер миинстрлері кеңесінің отырысына ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің сыртқы істер министрлері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Астанада ҚР Сыртқы істер министрлігінде Түркі мемлекеттері ұйымының сыртқы істер миинстрлері кеңесінің жабық отырысы өтуде.
Сыртқы істер миинстрлері кеңесінің отырысына ТМҰ-ға мүше мемлекеттердің, байқаушы елдердің сыртқы істер министрлері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысып жатыр. Отырыстың ашылуында ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу түркиялық әріптесі Хакан Фиданды Түркия Республикасының 100 жылдығымен құттықтады. Бауырлас түрік еліне үйлесімділік, прогресс және одан әрі өркендеу тіледі.
Мұрат Нұртілеудің алғысөзінен кейін делегация басшылары алфавиттік тәртіпте мәлімдеме жасайды және ұйымға мүше мемлекеттер мен бақылаушылар атынан қатысатын әрбір спикерге сөз сөйлеу үшін 7 минут беріледі. Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының басшылары мен ақсақалдар кеңесінің төрағасына 3 минут уақыт беріледі.
Отырыс сағат 10.00-де Түркі мемлекеттері ұйымының тиісті құжаттары мен шешімдерін қабылдаумен аяқталады деп жоспарланған.
Осыдан кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті бағдарламасына сәйкес, министрлер Ақорда сарайына барады.