Президент тапсырмасы: 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

2 511

Фото: Үкімет үйіҚайтарылған жер елді мекендерге бекітіліп, шаруалардың қажеттіліктері үшін беріліп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Президенттің жолдауда айтылған тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау мақсатында құрылған мемлекеттік комиссия пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 млн гектар ауыл шаруашылығы жерін мемлекет меншігіне қайтарды.

"Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың қажеттіліктері үшін берілуде", - деп жазылған хабарламада.


"AMANAT" партиясы жанындағы "Жер аманаты" комиссиясы қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысты.

Жерді халық арасында одан әрі әділ бөлу мәселелері үкіметтің ерекше бақылауында болады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.