Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті,-деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы түрікмен халқын елдің тұрақты бейтараптығының 30 жылдығымен құттықтап, мерейтойға орай ұйымдастырылған халықаралық форумның маңызын атап өтті.
Тоқаев форумда бейбітшілік, бейтараптылық және сенім тақырыптары талқыланатынын, олардың қазіргі геосаяси жағдайда ерекше маңызды екенін айтты.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қарым-қатынастың даму перспективаларын талқылап, Бердімұхамедовтің жақында Астанаға жасаған мемлекеттік сапарында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына назар аударды.







