Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін
Күн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық хабар түседі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Елімізде отбасылық сот құрылуы мүмкін. Бұл туралы сенатор Нұрлан Бекназаров мәлімдеді. Бала құқығын қорғайтын бірнеше заң бола тұра, кәмелетке толмағандар қорғала бермейді. Балаларға жасалатын қылмыстық іс те азаймай тұр.
Күн сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 300-ге жуық хабар түседі. Биылдың өзінде 4500 мың баланың құқығы тапталған. Осыған байланысты ел аумағында "Отбасылық сот" пилоттық жобасы жүзеге асып жатыр. Оң нәтиже берсе, елдегі – ювеналды, азаматтық және әкімшілік сот біріктіріледі.