Тоқаев Армения Премьер-министрін Ақордада қарсы алды
Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Осыдан кейін мәртебелі мейманның сапарына орай салтанатты рәсімдер залында сап түзеген құрмет қарауылының бастығы Мемлекет басшыларына сәлемдік баянат берді. Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік Әнұранын орындады.
Әнұрандарды тыңдап болғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Армения Премьер-министрі кілемше бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туына қарай жүрді.
Оның алдына келгенде мейман тоқтап, басын сәл иіп, өзінің құрметін білдірді. Сонан соң Мемлекет басшылары құрметті қарауыл сапының бойымен жүрді. Құрметті қарауыл бастығымен қоштасты.
Қазіргі уақытта Мемлекеттер басшылары жоғары деңгейде келіссөз жүргізіп жатыр. Оның барысында екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту перспективасы талқыланабақ.







