«AMANAT» партиясының депутаттары Шиелі өңірінің тұрғындарымен кездесті

292
«AMANAT» партиясының депутаттары Шиелі өңірінің тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бақытбек Смағұл мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских Шиелі ауданына қарасты Қоғалы, Керделі ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесті.
"Кездесу барысында Қоғалы және Керделі ауылдық округтерінің тұрғындары ауылдың өзекті мәселелерін көтерді.
Қоғалы ауылында ең өзекті мәселе Жуантөбе-Ботабай автожолын (14 км) салу, Ботабай және Жаңа-Арық каналдарын толықтай тазалау және Сырдария өзеніндегі қалқымалы көпірге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін айтса, ал Керделі ауылының тұрғындары аяқ су тапшылығы, Н.Бекежанов ауылындағы мал өткелін салу мәселесінің шешімдерін тапса деген талаптарын жеткізді.Тұрғындармен кездесуде айтылған мәселелер талқыланып, өз тарапымыздан шешілу жолдарын қарастыратындығымызды білдірдік", 
- дейді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Геннадий Шиповских.
Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының депутаттары  Ақмая ауылдық округінің тұрғындарымен де жүздесті.Кездесуге «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының атқарушы хатшысы Сыздық Болат Мүбәрәкұлы, аудандық мәслихат хатшысы Жағыпбаров Тұрмағанбет Әлиасқарұлы қатысты.

"Кездесу барысында тұрғындарға бұл кездесудің негізгі мақсаты елдегі азаматтардың жағдайын көзбен көру, ауылдық елді мемекендерді дамыту, азаматтарды әлеуметтік қолдау бағытында мемелекет тарапынан жасалып отырған жұмыстардың жүзеге асырылуын, сонымен бірге ашық пікір алмасу арқылы жергілікті жерлердегі негізгі проблеммалық мәселелерді анықтап, оларды заңнамалық тұрғыда жүзеге асуына қолдау білдіру екенін айттым", - деді Геннадий Шиповских.
Ауыл тұрғындары «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автодәлізі мен Ақмая ауылдық округі аралығындағы тас жолды орташа жөндеу жұмыстарына жүргізу; Іргелі елді мекені мен Ақмая ауылы аралығындағы бір шақырым жолға көше жарық шамдарын орнату; ауыл ішілік көшелерге жаяу жүргіншілер жолын жасауға жұмыс жасау; ауыл ішілік қоғамдық көлік жүретін көшелерге арнайы аялдамалар орнату; Ауыл ішілік аяқ су арықтарының арналарын тазартып, қазу жұмыстарын ұйымдастыру; Қатты қалдықтарды тастау полигонын қорашалау және барар жолына жәй жөндеу жұмыстарын жүргізу тағы сол сияқты ауылдың өзекті мәселелерін көтерді.
Сонымен қатар тұрғындар сезондық жұмыс жасайтындарға (6 ай жұмыссыз) қайтарымсыз несие берілсе және зейнет жасына шыққан зейнеткерлерге мемлекеттен арнайы бағдарламалар жасалса деген ұсыныстарын айтты.