Қазақстаннан көмек ретінде жіберілген тікұшақ Түркияға жетті

362
Қазақстаннан орман өртін сөндіру үшін көмек ретінде жіберілген тікұшақтар Түркия Республикасына жетті. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша түрік халқына бауырластық және гуманитарлық көмек көрсету аясында 11 тамызда сағат 13.25-те Қазақстан ТЖМ құтқару тобы Даламан қаласына келді", - делінген хабарламада. 

Оның құрамында 2 Ми-8АМТ тікұшағы және орман өрттерін сөндіруге тартылған 16 құтқарушы бар. 

"Түстен кейін өрт сөндіру орындарында барлау мақсатында ұшу жоспарланған. Одан әрі Қазақстан ТЖМ жеке құрамы Түркия Республикасы ТЖМ жедел штабының қарамағында өрт сөндіру жұмыстарына кіріседі", - делінген ТЖМ хабарламасында.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.