Нұрлан Құрмалаев жаңа қызметке тағайындалды

554

Нұрлан Құрмалаев ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бұл жөнінде ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Нұрлан Құрмалаев 1988 жылы Алматы қаласында туған.

Білімі:
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Оксфорд Брукс университетін бітірген. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

Еңбек өтілі:

Еңбек жолын 2010 жылы жеке меншік компанияда менеджер болып бастаған.

Әр жылдары коммерциялық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.
2015-2017 жылдары – "Astana Innovations" АҚ басқарма төрағасының орынбасары, кеңесшісі.
2018-2019 жылдары – "Самұрық Қазына" КУ ЖМ цифрландыру жөніндегі менеджері.
2019-2021 жылдары – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымында басшылық қызметтер атқарды.
2021 жылғы шілде айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.