Тоқаев Қазақстан-Қытай шекарасындағы жемқорлық мәселесіне нүкте қойды
551
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде кеңес өткізді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
Жиын барысында Президент салық және кеден саласындағы жемқорлық мәселесіне арнайы тоқтады.
Қытаймен сауда-саттық жасаймыз. Алайда екі елдің статистикалық мәліметтері екі түрлі. Мәселен, былтыр айырмашылық 5,7 миллиард долларға жетті. Арадағы ақша қайда кеткенін ешкім түсіндіріп бере алмайды. Ашығын айтқанда, бұл — контрабанда,
— деді Президент.
Оның айтуынша, мұндай келеңсіз оқиғаларды кәсіпкерлер де растап отыр.
Шет елмен сауда жасайтын адамдардың 90 пайызы жемқорлыққа тап келген. Оның ішінде 45 пайызы кеденшілерге пара берген екен. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы 3 көлік бақылау бекетінде жемқорлық әбден жайлаған. Ал елімізде мұндай 49 бекет бар,— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.