Жақын арада таза қазақ тілінде сөйлеуге уәде беремін

327

ФОТО. Ұлттық экономика министріҚазақшаға шорқақ ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев қазақ тілін қалай үйреніп жүргенін айтты.


Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында журналист үкіметтегі ең жас министрден қазақ тілін қалай, кіммен үйреніп жүргенін сұрады.


 "Қазақ тілін үнемі, күн сайын үйреніп жүрмін. Репетитормен күн сайын бір жарым сағат бойы оқимыз. Жақын арада таза қазақ тілінде сөйлеуге уәде беремін", - деді Ерғалиев. 
Ол мемлекеттік тілді жұмыс барысында үйреніп жүргенін айтты. 


"Бізде кез келген министрліктегі сияқты құжаттарды аударумен айналысатын аудармашылар істейді. Олардың арасында қазақ тілін өте жақсы білетін адамдар бар. Әр жиналысқа солармен бірге отырып дайындаламыз. Олардың жылдар бойы қалыптасқан әдістемелік базасы бар. Осы әдістемелік базаны пайдаланып, қазақ тілін үйреніп жүрмін", - деді министр. 


Жылдың басында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәжілісте қазақ тілін білмегені үшін депутаттардан сөз естіген еді. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.