Қызылордада Ұлттық құрылтай өтеді

2 538

Фото: АқордаМемлекет басшысы Ұлттық құрылтай отырысы өтетін күнді белгіледі,- деп хабарлайды  Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Құрылтай отырысын өткізуді осы жылдың 20-шы қаңтарына белгілеп, алдағы маңызды іс-шараны ұйымдастыру және оған тыңғылықты әзірлену жөнінде нақты тапсырма берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринмен және президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевпен парламенттік реформа бойынша кезекті жұмыс кеңесін өткізді.

Ерлан Қарин мемлекет басшысына Жұмыс тобының 9 қаңтарда өткен отырысында болашақ бір палаталы парламенттің мәртебесін, өкілеттіктері мен функцияларын анықтауға, сондай-ақ биліктің басқа да тармақтарымен өзара іс-қимылына қатысты тәсілдер әзірленгенін айтты.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.