Қазақстан–Моңғолия серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді

2 521

Фото:©Ақорда20-23-ші сәуірде Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Екі елдің байланысына үңілсек, Моңғолия - Қазақстанның маңызды серіктестерінің бірі. Тікелей шекара болмағанымен, рухани және тарихи байланыстар тереңнен тамыр тартып, екіжақты қарым-қатынастың негізін қалыптастырып отыр. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнаған. Содан бері саяси, экономикалық және мәдени байланыстар біртіндеп дамып, жүйелі сипатқа ие болған. Қазақстан 1997 жылы Ұлан-Батырда дипломатиялық миссиясын ашып, 2007 жылы оны толыққанды елшілік деңгейіне көтерді. Бүгінде Қазақстанда Моңғолияның Астанадағы елшілігі мен Алматыдағы консулдық пункті жұмыс істейді. 1991 жылдан бері 60-тан астам келісімге қол қойылған.Фото: ©Ақорда

Саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов екі елдің саяси диалогін тұрақты әрі сенімге негізделген деді.

Екі елдің арасында қайшылық жоқ. Керісінше, олардың сыртқы саясаттағы ұстанымы ұқсас. Қазақстан Орталық Азияға, Каспий аймағына және Еуропаға шығу мүмкіндігін береді, ал Моңғолия Шығыс Азиямен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, олар аймақтар арасындағы байланысты нығайта алады. Дегенмен, жоғары деңгейдегі байланыстардың жиілігі әлі де жеткіліксіз. Бірақ әлеует бар, - дейді сарапшы.

 Фото: ©Инфографика: Kazinform2025-2027 жылдарға арналған сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасы келісіліп, инвестицияларды өзара қорғау мен ынталандыру шараларын жеделдету көзделді. Нәтижесінде Қазақстан Моңғолия үшін Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық әріптеске айналды.