Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

2 538

Фото: Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметіАқорда резиденциясында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті салтанатты түрде қарсы алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ресми қарсы алу рәсімі барысында екі ел көшбасшылары делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды. Президенттік оркестр Қазақстан мен Түрікменстанның мемлекеттік Әнұрандарын орындады.

Әнұрандардан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов кілемше бойымен Қазақстанның Мемлекеттік Туы алдына бет бұрды. Түрікменстан Президенті Тудың алдында құрмет көрсетіп, басын иді. 

Қазіргі уақытта жоғары деңгейдегі келіссөздер өтіп жатыр. Тараптар Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы стратегиялық серіктестікті тереңдету және өзара ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылауда.

Айта кетейік, кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президентін елорда әуежайында қарсы алған болатын.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.