Депутаттар теледидардағы жарнаманы шектеуге ниетті: Жаңа заң медиа нарыққа қалай әсер етпек
Дәрілер мен букмекерлік компаниялардың жарнамасына тыйым салу жобасынан соң қазақстандық медиа нарықтың дамуы тұралап қалуы мүмкін. Қазақстанның жетекші телеарналары кіретін Орталық Азия жарнама қауымдастығының мүшелері президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жазды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған үндеуге Орталық Азия жарнама қауымдастығының барлық мүшесі қол қойды. Бұл ұйымға еліміздің ірі телеарналары – КТК, Еуразия бірінші арнасы және т.б кіреді. Медиа-индустрия өкілдері букмекерлік компаниялар мен рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектерді жарнамалауға ішінара ғана шектеулер енгізуді ұсынып отыр. Өйткені жарнамаға толық тыйым салу миллиардтаған доллар шығынға әкеледі. Бұқаралық ақпарат құралдары нарығының табысы үштен біріне қысқарады. Қызық, сапалы тележобаларды шығаруға ақша болмайды.
“Олар енгізгісі келетін шектеулер, біздің ойымызша, қоғамға пайдалы жағынан мүлдем дұрыс бағаланбайды. Сондықтан біз сарапшылар мен медиа саласының мамандарын талқылауға шақырғымыз келеді. Шектеулердің пайдасын және олардың келтіретін зиянын таразылау керек”, – деді Орталық Азия жарнама қауымдастығының атқарушы директоры Анна Тюткова.
Сарапшылар жасөспірімдерге әсер етпеу үшін түнде жарнамаға толық тыйым салуды ұсынып отыр. Табысқа бірден кенелу немесе емделіп кету ақпараттарды шығармауды сұрайды.
CARA сараптамалық кеңесінің мәліметі бойынша, букмекерлік компаниялар мен рецептсіз сатылатын дәрі-дәрмектерді жарнамалауға толық тыйым салынған жағдайда нарық жылына 25 миллиард теңгеге дейін шығынға ұшырайды. Бұл сөзсіз бүкіл медиа нарықтың тоқырауына әкеледі.