Мемлекет басшысы Түрікменстанның сыртқы істер министрін қабылдады

336
Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысуға келген Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түрікменстан өткізген Орталық Азия мемлекеттері басшыларының үшінші Консультативтік кездесуінде ынтымақтастықты одан сайын күшейту әрі жаңа мүмкіндіктерге жол ашу мақсатында өзекті мәселелер талқыланғанын атап өтті. Сондай-ақ, дипломатқа АӨСШК Сыртқы істер министрлері Кеңесінің алтыншы отырысына қатысып, Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

Кездесуде Қазақстан-Түрікменстан қарым-қатынасының саяси, сауда-экономикалық салалары мен аймақтық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Түрікменстанда өтетін VI Каспий саммитіне дайындық барысы қарастырылғаны хабарланды.