Жаңадан сайланған мәжілісті кім басқармақ?

215

Жаңадан сайланған мәжілістің спикері болып Ерлан Қошанов тағайындалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 

Пленарлы отырыста жаңадан сайланған депутаттар ант бергеннен кейін, мәжіліс төрағалығына бір ғана кандидатура – Қазақстанның мемлекеттік қайраткері Ерлан Қошанов ұсынылды. Мәжіліс депутаттары жасырын дауыс беру арқылы төменгі палата төрағасын сайлады.


Мәжіліс төрағасын сайлау бойынша жасырын дауыс беру қорытындысы: Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдағандар – 98 депутат. Қарсы шыққандар жоқ.


Қошановтың кандидатурасын Amanat партиясынан сайланған мәжілісмен Бақтықожа Ізмұхамбетов ұсынды.

Сонымен қатар мәжілістің жалпы отырысында палата төрағасының орынбасарлары сайланды. Спикер Ерлан Қошанов бұл лауазымға "аманаттық" Альберт Рау мен "Ақ жол" өкілі Дания Еспаеваның кандидатураларын ұсынды. Мәжіліс депутаттары екі кандидатураны қолдап дауыс берді.


Айта кетері, Ерлан Қошанов жетінші шақырылымдағы мәжілісті де басқарған болатын.


Еске салсақ, 19 наурызда мәжілістің кезектен тыс сайлауы өтті.


Биыл мәжіліс депутаты мандатына 7 саяси партия таласты. Парламентке барлығы 98 депутат сайланды, оның 69-ы – партиялық тізім, 29-ы бір мандатты округтер бойынша өтті.


Сайлаудың қорытындысы бойынша мәжіліске алты партия өтті:

Amanat партиясы – 53,9%;

"Ауыл" партиясы – 10,9%;

Respublika партиясы – 8,59%;

Қазақстан халық партиясы – 6,8%;

"Байтақ" жасылдар партиясы – 2,3%;

"Ақ жол" партиясы – 8,41%;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы – 5,2% дауыс жинады.

Тек "Байтақ" жасылдар партиясы ғана парламентке өтпей қалды.


28 наурызда Орталық сайлау комиссиясы сайланған депутаттарды ресми түрде тіркеп, оларға куәлік пен төсбелгі табыстады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.