Басым және проблемалы өңірлердің картасы әзірленеді

2 515

Коллаж: ©Kazinform / FreepikАуылдық округтер бөлінісінде экономиканың неғұрлым осал салаларын айқындауға мүмкіндік беретін басым және проблемалы өңірлер картасы әзірленіп жатыр,- деп хабарлайды Opennews.kz  ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттік жоспарлау жүйесін өзектілендіру аясында аудандарды (облыстық маңызы бар қалаларды) дамыту жоспарлары әзірленген. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) даму жоспарларын іске асыру үшін инвестициялық жоспар мен басым және проблемалы өңірлердің картасын әзірлеу көзделеді. Инвестициялық жоспар жалпы аудан мен әрбір ауылдық округті жеке дамытуға бағытталған инвестициялық жобалардың тізбесін қамтиды, — деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, инфрақұрылымдық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған жобаларға басымдық берілген. 

Инвестициялық жоспармен қатар ауылдық округтер бөлінісінде экономиканың неғұрлым осал салаларын айқындауға мүмкіндік беретін басым және проблемалы өңірлердің картасы әзірленуде. Карта негізінде аумақтарды қаржыландыруға басымдық беру жүйесі қалыптастырылатын болады. Бұл тәсілді іске асыру аудандардың, елді мекендердің қамтамасыз етілу деңгейіне және нақты сұранысына бағдарланған қаржы ресурстарын нысаналы бөлуді қамтамасыз етеді, — деді Олжас Бектенов.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.