Мемлекет басшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті

1 388

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы тілдесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Түркиядағы президент сайлауының бірінші кезеңінде жеңіске жетуімен құттықтады. 


Президент сондай-ақ парламенттік сайлауда Әділет және даму партиясы бастаған республикалық альянстың жеткен жетістігін атап өтті.


Сонымен қатар, Қазақстан мен Түркия президенттері бауырлас екі ел арасындағы көпжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелерін талқылады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.