Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы серіктестік жаңа белеске көтерілуде

2 763

Фото: qaztrade.org.kzСенат "Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы одақтастық қатынастарды тереңдету және кеңейту туралы шартты ратификациялау туралы" заңға қолдау білдірді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

"Бауырлас екі елдің ынтымақтастығын сапалы жаңа деңгейге көтеруді көздейтін құжат Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Мәңгілік достық туралы шарт пен екі мемлекет арасындағы Одақтастық қатынастар туралы шартты басшылыққа ала отырып әзірленген. Шартқа екі елдің Мемлекет басшылары Қырғыз Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасына жасаған ресми сапары аясында, 2024 жылғы 19 сәуірде Астанада қол қойған. Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасымен екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді", – деді сенатор Дархан Қыдырәлі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.