Ресей соғысты жалғастырамын десе, оған санкциялар салынады – Трамп

2 561

Фото: www.globallookpress.comАҚШ шенеуніктері Ресей билігімен Украинадағы атысты тоқтатуды талқылау үшін Мәскеуге кетті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы  ВВС арнасы Джиддадағы кездесуден кейін Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ енді Ресейді атысты тоқтату туралы ұсынысқа көндіруі керек деді. Кремль мұны қарап жатқанын айтты. Трамп пен Путин жақын арада телефон арқылы сөйлесуі мүмкін екендігін жазды.

Дональд Трамп атысты тоқтату мүмкіндігі бар екенін айтты. Егер Ресей соғысты жалғастыруға шешім қабылдаса, оған қарсы "жойқын" санкциялар салынбақ екенін айтты.


"Мен істей алатын нәрселер қаржылық жағынан өте жағымды емес. Бұл Ресей үшін өте жаман болады. Мен мұны істегім келмейді, өйткені мен бейбітшілікке қол жеткізгім келеді ", – деді Трамп.

Сондай-ақ ол Украина ұстанымын өзгерткенін айтты.


"Менде бір адам (Зеленский) болды, ол бейбітшілікті қаламайтын сияқты көрінді. Енді ол бейбітшілікке келісті. "Сонымен біз көреміз", – деп қосты Америка президенті.


Трамп Мәскеуге қай шенеуніктердің бара жатқанын нақтыламады. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майк Вальцтың "ресейлік әріптесімен" телефон арқылы сөйлескенін айтты. Ол Вальцтің кіммен сөйлескенін нақтыламады.