Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысын қабылдады

415

Президент Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысын қабылдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Мемлекет басшысы ең әуелі Кубанычбек Өмірәлиевті ұйымның бас хатшысы лауазымына тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйымның негізін қалаушы елдің бірі ретінде түркі мемлекеттерімен көпжақты ынтымақтастықты дамытуға мүдделі екеніне тоқталып, хатшылықтың жұмысына барынша қолдау көрсететінін жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, бүгінде түркі халықтарының ынтымақтастығы мен бірлігін нығайтуға арналған бірегей алаң ретінде Түркі мемлекеттері ұйымының маңызы арта түсті. Халықаралық ұйымдар мен әлемнің көптеген елдері Түркі мемлекеттері ұйымымен сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтуге ниетті.

Президент сонымен қатар ұйым хатшылығының алдында биыл қазан айында Самарқандағы саммитте қабылданған маңызды шешімдер мен бастамаларды тиімді жүзеге асыру міндеті тұрғанын айтты. 

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы құрылды. Ұйымның келесі мерейтойлық 10-шы саммиті 2023 жылы Қазақстанда өтеді. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.