Премьер-министр ұшқыштардың біліктілігін тексеруді тапсырды
Үкімет басшысы Олжас Бектенов вице-премьер Қанат Бозымбаевтың Ақтау қаласы маңындағы болған ұшақ апаты орнындағы Үкіметтік комиссияның жұмысы туралы есебін тыңдады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бүгінде құтқару қызметі іздеу жұмыстарын аяқтады. Ұшақ апаты салдарынан 29 адам ауруханаға жатқызылды, 38 адам қаза тапты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша зардап шеккендерге толық медициналық көмек көрсетіліп, қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қажет қолдау шаралары көрсетіліп жатыр. Қазір жедел желі жұмыс істеп тұр, оған мыңнан астам қоңырау түсті.
Премьер-министр авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.