Үкімет басшысы су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

342
Премьер-Министр Әлихан Смайылов су тасқынын болдырмау жұмыстарын күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 



Қазірдің өзінде 255 елді-мекен мен 100 мыңнан астам үй қауіпті аймақта тұр. Ең бастысы – мұндағы халықтың жағдайына алаңдауымыз керек. Биыл қыс қарлы болды. Ауа райы күрт жылынып кетсе, су басу қаупі күшейеді. Ақтөбе және Алматы облыстарында қазірдің өзінде елді-мекендердің көшелерін су басып жатқаны туралы фактілер бар, - деп атап өтті Премьер-Министр Әлихан Смайылов.


Үкімет басшысы оңтүстік өңір әкімдіктері осы бастан су тасқынына қарсы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. 

Тағы бір маңызды мәселе – тасқын кезінде жолдардың шайылып кетуі мен бұзылуы. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғындары жыл сайын жолдың шайылып кетуінен Нығман кентімен қарым-қатынас қиынға түседі деп шағымданады, - деді Үкімет басшысы. 

Әлихан Смайыловтың сөзінше, ауыл тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын алдын-ала дайындап алуға мәжбүр. 

Мұндай жағдай болмауы тиіс. Әкімдік бұл проблеманы түпкілікті шешуі қажет. Осыған байланысты Индустрия министрлігі мен өңір әкімдері жолдардың, көпірлер мен су өткізу бекеттерінің су тасқынына дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауы керек, - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.