Жазғы туристік маусымға арналған мемлекеттік кеңес өтті

2 518

Фото:© ҚР Үкіметінің баспасөз қызметіПремьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төр­ағалығымен өңірлердің жазғы туристік маусым дайындығына арналған кеңес өтті, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазғы туристік маусымға дайындық мәселелері бойынша өткен кеңесте жауапты мемлекеттік органдардың есебі тыңдалды. Іс-шараға Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, өңір әкімдерінің орынбасарлары және бірқатар ведомство өкілдері қатысты. Кеңес барысында Премьер-министрдің орынбасары Аида Балаева өңірлердің маусымға дайындығы туралы баяндама­ларды тыңдап, атқарылып жатқан жұмыстарға баға берді.

Жиында Төтенше жағдайлар және Ішкі істер министрліктері тарапынан қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жүйелі шаралар қолға алынғаны атап өтілді. Әсіресе демалушылардың қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау мәселелері негізгі назарда екені айтылды. Дайындық барысын үйлестіру Туризм және спорт министрлігіне жүктелгені, бұл жұмыс жергілікті атқарушы органдармен және өзге де мемлекеттік құрылымдармен бірлесе жүзеге асырылып жатқаны хабарланды. Кеңес қорытындысы бойынша Аида Балаева жауапты мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар беріп, жазғы маусымға дайындықты күшейтуді тапсырды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.