Тоқаев қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы заңға қол қойды

344

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.


16 наурызда сенат Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартты ратификациялады. Шартта жергілікті жерде шекаралық белгілермен ұзындығы 2356. 666 шақырым болатын мемлекеттік шекараның таңбаланған сызығын белгілеу көзделген. Осылайша шекара 5 шақырымға ұзарды.


Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шартқа (бұдан әрі – Шарт) 2022 жылғы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған.


Шарттың басты мақсаты - Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара сызығын шегендеудің құқықтық негіздерін халықаралық-құқықтық бекіту.


Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенконың сөзінше, кейінгі 19 жылда демаркациялау кезінде екі жақтың жергілікті тұрғындарының мүддесі ескеріле отырып, шекараны күзетудегі қолайлылық мүддесі, Ұлттық Қарулы Күштердің шекара қызметі үшін мемлекеттік шекара сызығы жергілікті жерде нақтыланды.


Шартқа сәйкес Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасының бастапқы нүктесі Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан мемлекеттік шекараларының түйісу нүктесі болады, ал шекара сызығының соңғы нүктесі Қазақстан, Өзбекстан және Түрікменстан шекараларының түйісу нүктесі болады.


Шартта жергілікті жерде шекаралық белгілермен ұзындығы 2356.666 км болатын мемлекеттік шекараның таңбаланған сызығын белгілеу көзделген. Бұл ретте мемлекеттік шекара сызығының өтуі, шекаралық белгілердің орналасқан жері, олардың геодезиялық координаттары, биіктік белгілері және әрбір шекаралық белгінің басқа да деректері Шартқа қосымшаларда берілген және көрсетілген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.