Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев іс-сапармен Тәжікстанға барды

527
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына  іс-сапармен келді деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

"Қазақстан Президенті 16-17 қыркүйек күндері өтетін ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Іс-шараларда Ауғанстанның қазіргі ахуалы, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік, аталған ұйымдарға мүше мемлекеттердің ынтымақтастық мәселелері талқыланады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді", - деп хабарлады Уәли. Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев 16-17 қыркүйекте Тәжікстанда өтетін іс-шараларға қатысатынын жазған едік. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.