Президенттің туыстарына қатысты мәселені мәңгілікке шешу керек - Айдос Сарым
269
Айдос Сарым президент және басқа да шенеуніктердің туыстарын билік орындарына тағайындамау керектігін айтты - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.
"Президент болуға ешкімді ешкім зорламайды ғой. "Көке, сен Президент болшы" деп біреудің артынан ешкім жүгірмейді. Бұл — азаматтардың жеке таңдауы. Сондықтан кем дегенде 10-15 туысына сөз айтуға дайын болуың қажет. Мен 5 жыл Президент боламын, сол кезде мемлекеттік қызметтен алшақтап, бизнесте жүре тұр дейтін шамаң болуы керек.
Конститутциялық норма тұрғысынан қарасаң, бұл — заңды бұзу. Кезінде Елбасы менің де туыстарым осы елдің азаматы ғой деп айтты емес пе? Бұл жерде саяси шешім керек. Ал қазіргі мемлекет басшысы мәдениеттің үлгісін көрсетіп отыр. Бұл заңға жазылмаса да, белгілі бір төмендегі құрылымдардың барлығына сингал болуы тиіс. Министрсің бе, айналаңда жақын туысың болмауы қажет. Облыстың әкімі болмсаң, туған бауырыңды басқармаға жолатпауың керек. Бәлкім, тендерге араласпауы тиіс. Заңға қайшы емес шығар. Алайда этикалық және саяси мәдениет тұрғысынан ойланған дұрыс" , - деді.