«Келіссөзде бір метр жер бермейміз!» – Украинаның Қорғаныс министрі

300
Украинаның делегациясы Беларусьтің Гомель облысына тікұшақпен келді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы жерде бір сағаттың шамасында Украина мен Ресейдің келіссөздері басталады.

Украинаның делегациясын Қорғаныс министрі Алексей Резников бастап келді. Оның құрамына «Слуга народа» фракциясының төрағасы Давид Арахамия, Президент Офисі жетекшісінің кеңесшісі Михаил Подоляк, Украинаның Үш жақты байланыс тобының делегациясы басшысының бірінші орынбасары Андерй Костин, халық депутаты Рустем Умеров, Сыртқы істер министрінің орынбасары Николай Точицкий кіріп отыр.

Ресей тарапынан келіссөздерге бұрынғы Мәдениет министрі Владимир Мединский бастаған делегация қатысады. Оның құрамында Ресейдің Беларусьтегі елшісі Владимир Грызлов, Мемлекеттік думадағы халықаралық комитеттің басшысы Леонид Слуцкий, Сыртқы істер және Қорғаныс министрліктерінің өкілдері бар.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.