ШҚО-да әкім орынбасары ұсталды

222
Шығыс Қазақстан облысындағы аудандардың бірінің әкім орынбасары қамауға алынды. 

Ведомствода айтылғандай, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарындағы әкімнің бір орынбасарына қатысты кәсіпкерден 1,8 млн теңге сомасында, яғни айтарлықтай ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.


 "Күдікті қамауға алынды. Тергеу мүддесіне сәйкес басқа мәліметтер жария етуге жатпайды. 
Кінәлілік дәрежесін анықтайтын түпкілікті үкімді сот шығарады", – делінген ресми ақпаратта. 


Оған қоса, агенттік Алматы облысындағы бірқатар лауазымды тұлғалардың ауыр сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктеліп отырғанын жария еткен болатын. 
"Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің лауазымды тұлғаларын ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша әшкереледі", – делінген хабарламада. 


Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі елімізде жемқорлықпен ұсталғандарға қолданылатын жазаның тым жеңіл екенін айтып, дабыл қаққан еді. Олар жемқор шененуніктерге қарастырылатын жаза түрін ауырлату үшін заң жобасына өзгертулер енгізуді ұсынып отыр.